Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы маңында жол жиегі мен қарсы жолаққа құмар жүргізушілер бақылануда

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2020 18:32 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Көлік кептелістерімен танымал Іле және Қарасай аудандарында полицейлер жүр.

Алматы маңындағы полицейлер жол жиегімен және қарсы жолақпен жүретін жүргізушілерді ерекше бақылауға алды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сітеме жасап.

Алматы облысының полицейлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кезекті жұмыстарды ұйымдастырды. Жұмыс, негізінен, автокөлік құралдарының ағынына байланысты жол қозғалысы қиындаған Іле және Қарасай аудандарында жүргізілуде.

"Соңғы уақытта жол жиегі арқылы кептелістерді айналып өтетін немесе қарама-қарсы қозғалыс жолағына өтетін жүргізушілер туралы шағымдар жиілеп кетті. Осы сұрақтарды пысықтау мақсатында патрульдік полиция жасақтары осындай құқық бұзушыларға қатысты мақсатты профилактикалық, сондай-ақ пәрменді шаралар жүргізуде. Себебі, мұндай жол қозғалысы ережелерін бұзудың салдары ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін", - дейді Алматы облысы ПД ЖПҚБ патруль батальонының командирі полиция полковнигі Нұрлан Искаков.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта облыс аумағында "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Оның аясында басты назар апаттылықты азайтуға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жол қозғалысы қатысушылары арасындағы жол қауіпсіздігі талаптардың сақталуына бақылау жүргізуге, тиісті қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қылмыстар мен өзге де заңға қайшы әрекеттердің уақтылы алдын алуға және жолын кесуге аударылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: