Жаңалықтар тізбегі
0

Кептелісте жол жиегімен жүре салатын жүргізушілер қанды ішті

kolesa.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2020 17:16 kolesa.kz
Іле және Қарасай аудандарында осындай құбылыс бар.

"Қауіпсіз жол" деп аталатын арнайы шара 22-24 қыркүйек аралығында өтті. Тексеріс барысында тәртіп сақшылары жол жиегі мен жолдың қарсы бетіне шығатындармен күресті. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жұмыс негізінен көлік легі көп Іле және Қарасай аудандарында күшейтілуі тиіс.

Екі күндік тексеріс жүргізілгені жақсы ғой, әрине. Бірақ оның ережені елемейтіндермен күресте айтарлықтай нәтиже бермесі анық. Жол жиегімен жүретіндер таңғы және кешкі уақытта көшенің шаңын бұрқыратып, елдің мазасын алады. Оның үстіне, олар жол ортасына өтем деп кептеліс тудырып, тіпті жол апатын жасауы мүмкін, деп жазады kolesa.kz.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Для кого-то 42 тыс тг приличные деньги как считает наше правительство можно прожить целый месяц с такой зп ... Но как видно на видео у нас очень много обеспеченных граждан, которым абсолютно не жалко 15 МРП... Данные нарушения были зафиксированы в Алматинской области продолжительность видео 23 минуты, для удобства просмотра было сокращено... Всего было составлено более 50 протоколов... Ждём ответа от других Департаментов полиции, по оставшимся нарушителям... Не проезжайте мимо таких граждан, не переживайте за их материариальное благосостояние, отправляйте в полицию за протоколом-штрафом...

Публикация от Гражданский патруль - КЗ (@grpat.org.road)

Қарбалас сәтте қозғалысты күн сайын қадағалауға полицейлердің шамасы жетпейтін сияқты. Ал ережені елемейтіндердің ұяты оянады деп күткеннен пайда жоқ. Енді не істейміз? Мұның бір шешімі – жол жиегіне шығатындармен өз бетінше күресу. Жұдырық жұмсаудың қажеті жоқ, бірақ қалтасын қағуға болады.

Жол жиегімен жүрудің "құны" қанша

ҚР ЖҚЕ 9.9 тармағына сай, жол жиегімен қозғалуға тыйым салынған. Әкімшілік кодекстің 596-бабы бойынша бұл ережені бұзғандарға 15 АЕК (41 670 теңге) айыппұл салынады, ал бір жыл ішінде қайталаса, 30 АЕК (83 340 теңге) ақша төлеп, қайта емтихан тапсырады. Екі жағдайда да көлік айып тұрағына жіберілетінін айта кеткен жөн. Қалай ойлайсыздар, бұл жүгенсіз жүргізушілерді жөнге салу үшін жеткілікті ме?

Жол ережесін бұзғандардың үстінен ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Facebook парақшасы не Egov.kz арқылы шағымдануға болады. Ол үшін әлеуметтік желіге ереже бұзылған сәт түсірілген фото не видео жіберіп, күнін көрсету керек. Ал "Азаматтарға арналған үкімет" порталын пайдалану үшін алдымен ЭЦҚ көмегімен авторланып, шағым жолданатын органды таңдайсыз, содан соң ашылған үлгіні толтырып, алты суретке дейін жүктеп, ЭЦҚ арқылы қол қоясыз. Сізге 15 күн ішінде жауап келеді.

Елдегі полиция департаменттерінің көбі Facebook, ′′Мой Мир", Instagram және VK желілерінде тіркелген. Олар түскен шағымға жауап беруге тырысады. Яғни, ережені елемейтіндерге тұсау салуға мүмкіндік бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: