Алматыдағы автобус паркі ірі көлемде ақша ұрлау фактісі бойынша күдікке ілінді
![zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2020 22:33](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-06/file-8458c62b-b737-45ff-b85e-d35cf939cd0d/800x450.webp)
38 млн теңге бюджет ақшасы жымқырылған.
Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеулер департаменті бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті 2020 жылдың 5 маусымда "АлматыЭлектротранс" ЖШС (тапсырыс беруші) және "АлматыАвтоСервисПлюс" ЖШС (мердігер) басшыларына қатысты техникалық қызмет көрсету кезінде 3,8 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 1-тармағының 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады, - деп хабарлады журналистердің сауалына берген жауабында ОКҚ-нің баспасөз қызметі.
Қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде, бірқатар зерттеулер тағайындалды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript