Желге ұшқан қайран ақша! Маңғыстауда жолдың қақ ортасына газ бағаны салынған
видеодан алынды
Ал жұртшылық бізде бюджет ақшасына, тіпті ел ақшасына салынған осындай ауқымды жобалар қалай қабылданатынының бұл айқын үлгісі деп отыр.
Маңғыстау облысында газ құбырын тарту кезінде өрескел заңбұзушылыққа жол берілген. Көлік жүйткіп жатқан трассадағы газ бағанын қабылдау кезінде әкімдік өкілдерінің көзіне, тіптен түспеген. Есесіне жол жөндеушілерге бұл екі жұмыс болып, бюджеттен тағы шығындануға тура келген, деп хабарлайды zakon.kz.
"Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Аташ ауылындағы жағдай - анекдоттағыдай. Мұнда газ құбыры жолдың тура қақ ортасында қалып кетіпті. Жол төсеп жатқан құрылысшылар жергілікті жұртты көлікпен зырғып келіп құбырдан қарғып өтетін кәсіби каскадер деп ойласа керек. Қақ ортадағы темір бағаналарды сол бойы қалдырған. Ал жоспар бойынша газ құбыры жер астымен жүргізіліп, асфальт сосын төселуі керек екен. Жергілікті әкімдік "мердігер шыдамсыздық танытты" деп, бар жауапкершілікті соларға сілтей салды. Жол жөндеушілер енді асфальтты қайта қырып алып, қауіпті аймақпен жүруге тыйым салатын жол белгілерін орнатып жатыр", - дейді КТК телеарнасы.
Ал жұртшылық бізде бюджет ақшасына, тіпті ел ақшасына салынған осындай ауқымды жобалар қалай қабылданатынының бұл айқын үлгісі деп отыр.
"Яғни, оны қабылдап алғанда ешкім тексермейді, бізде бәрі көз қысты, бармақ бастымен шешіледі. Содан кейін де салған үйлер бүлініп, төселген жолдар шұрқ тесіліп, ал газ құбырлары осылай қалай болса солай көрінген жерде тұра береді", - дейді жұртшылық.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript