Алдағы үш күн жауын-шашынсыз өтеді

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2020 17:43 pixabay.com
Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі.

Қазгидрометтің 2020 жылғы 26-28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын тоқтайтыны айтылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын солтүстік-батыс антициклоны анықтайды. Оның келуімен ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

Тек еліміздің солтүстік-шығыс бөлігі циклон жырасының ықпалында болады, осыған байланысты кей жерлерде жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады.

Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: