Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысы тағайындалды

Қызылорда облысы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2020 21:56 Қызылорда облысы әкімдігі
Гаухар Қалмақова 1974 жылы туған.

Қызылорда облыс әкімінің өкімімен Қалмақова Гаухар Амангелдіқызы Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Гаухар Қалмақова 1974 жылы туған, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Экономист" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Қызылорда облыстық қаржы басқармасының экономисті ретінде бастаған.

1996 - 2004 жылдары Қызылорда облыстық қаржы басқармасының бас экономисті, жетекші маманы, бас маманы;

2005 - 2017 жылдары Қызылорда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, бөлім басшысы.

2017 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарып келді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: