Еліміздің үш аймағы бойынша күн күрт суытып, үсік жүретіндігі ескертілді

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2020 23:05 Pixabay
Еліміздің кейбір өңірінде қалың тұман түседі.

Қазақстанның үш облысы бойынша дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

26 қыркүйекте Қарағанды ​​облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні, кей жерлерде 15-20 м / с құрайды. 26 қыркүйекте түнде бұл өңірдің кей аумағында 2 градус үсік жүруі мүмкін. Дауыл соғудың ықтималдығы 70-75% құрайды.

26 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кейбір елді-мекендерінде де тұман түседі деп күтіледі. Петропавлда 26 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі. Дауылдың соғу ықтималдығы 90-95% құрайды.

Қостанай облысының кейбір аумағында тұман түседі. Түнде қатты суық болады, 3 градус үсік жүреді деп күтіледі. Дауылдың соғу ықтималдығы - 90-95%

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: