Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Үкіметі Ауғанстанға гуманитарлық көмек жөнелтті

gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2020 15:23 gov.kz
Қазақстандық гуманитарлық көмек Ауғанстанның зардап шеккендер арасында 8 провинцияда таратылғанын атап өткен жөн.

Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Әлімхан Есенгелдиев су тасқынынан зардап шеккен Қабыл провинциясының тұрғындарына қазақстандық гуманитарлық көмекті тапсыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР СІМ мәліметінше, ұн, макарон өнімдері, күнбағыс майы және қоюлатылған сүттен тұратын азық-түлік 5 мыңнан астам мұқтаж отбасына берілетін болады.

Іс-шараға қатысқан Қабыл провинциясының губернаторы Мохаммад Якуб Хайдари және АИР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы Гулам Бахауддин Жилани Ауғанстан Үкіметі мен халқының атынан қиын кезеңде көрсетілген көмек пен қолдау үшін ризашылықтарын білдірді.

Елші өз кезегінде Қазақстанның Ауғанстанға достас қарым-қатынасын атап өтті. Сонымен қатар, еліміз осы күрделі жағдайда өңір елдеріне, соның ішінде Ауғанстанға жан-жақты қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті.

Қазақстандық гуманитарлық көмек Ауғанстанның зардап шеккендер арасында 8 провинцияда таратылғанын атап өткен жөн. Аталмыш азық-түлік Қабылдан басқа Балх, Парван, Панджшер, Логар, Вардак, Бағлан және Саманган провинцияларында таратылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: