Жаңалықтар тізбегі
0

Сабақ басталғалы бері 104 оқушыдан коронавирус анықталған

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2020 15:34 inbusiness.kz
Осыған байланысты әкімдер санитарлық-дезинфекция, маска режимі, білім беру ұйымдарындағы сыныптар арасындағы әлеуметтік арақашықтықты сақтау талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етулері керек.

Оқу жылының басынан бастап мектеп оқушылары арасында COVID-19-дың 104 жағдайы тіркелді, - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында, деп хабарлайды zakon.kz.

- Оқу жылы басталғалы бері мектеп оқушылары арасында инфекцияның 104 жағдайы тіркелді, оның ішінде 33-ші - кезекші сынып оқушылары. Олармен байланыста болған 550 адам анықталып, оның жетеуінің ауру жұқтырғаны белгілі болды. Қашықтықтан оқитын балалар арасында 71 жағдай анықталды. Оларға қатысты 240 байланысты тұлға анықталып, олардың 15-інде КВИ расталды, - деді Цой.

Ол, егер оқушылар 100% оффлайн режимінде, я,ни мектепте оқығанда бұл көрсеткіш бүгіндері кем дегенде 1 500 адамға дейін артып, ауру мектеп оқушылары, мектеп ұжымы және отбасы мүшелері арасында жаппай таралу қаупі жоғары болатындығын атап өтті.

- Осыған байланысты әкімдер санитарлық-дезинфекция, маска режимі, білім беру ұйымдарындағы сыныптар арасындағы әлеуметтік арақашықтықты сақтау талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етулері керек, деп қосты министр.

Тұтастай алғанда, оның айтуынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша тұрақты жағдайға қол жеткізілді. 30 қыркүйектегі жағдай бойынша жалпы елімізде КВИ жұқтырған 107 908 науқас тіркелді, соңғы тәулікте - 75 адам, одан 1 731 адам қайтыс болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: