Ақтөбе облысына блок-бекеттер қойылмаған

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2020 20:55 zakon.kz
Ол жақта Ресеймен шекаралас елді-мекендерде санитарлық бекеттер жұмыс істеп тұр.

Ақтөбе облысының Тауарлар мен қызмет сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті Ішкі істер министрінің осы облыста блок-бекет қойылғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақтөбе облысының аумағында блок-бекеттер қойылған жоқ. Ақпан айынан бастап Ресей Федерациясымен шекарада Мәртөк ауданының "Жайсаң", Қарғалы ауданындағы "Әлімбет" санитарлық-карантиндік пункттері жұмыс істейді, - делінген хабарламада.

30 қыркүйекте таңертең Ерлан Тұрғымбаев еліміздің екі облысында блок-бекеттер мен санитарлық посттар орнатылғанын айтты. Кейінірек Атырау облысында министр айтқан блок-бекеттің Теңізде наурыз айынан бері орнатылғаны анықталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: