Жаңалықтар тізбегі
0

Сенат төрағасы бас раввинмен кездесті

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2020 23:48 ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі
Мәулен Әшімбаев бас раввинді және Қазақстандағы барша еврей қауымын Суккот мерекесімен құттықтады.

Сенат төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Қазақстанның бас раввині Ешая Когенді қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сенат төрағасы Қазақстанда бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуде Иудей қауымы мемлекеттің маңызды серіктесі екенін және аталған дін өкілдері елімізде мәдениет пен руханияттың дамуына үлкен үлес қосып отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев бас раввинді және Қазақстандағы барша еврей қауымын Суккот мерекесімен құттықтады. Сенат төрағасы ежелден келе жатқан бұл мейрам сенім пен бірлікті арттыратынын және ізгілікті дәріптейтінін тілге тиек етті.

Кездесу барысында тараптар осыған дейін өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерінің қорытындыларын іске асыру жұмыстарына қатысты пікір алмасып, дінаралық диалогты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Мәулен Әшімбаев съездің халықаралық деңгейде мойындалғанын және жаһандық өркениетаралық диалогтың маңызды тетігіне айналғанын айтты.



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: