Құс тұмауына байланысты еліміздің алты облысында карантин жарияланды

xs.uz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2020 21:29 xs.uz
Бұл - 25 аудандағы 48 елді-мекен.

Қазақстанның алты облысында құс тұмауына байланысты карантин енгізілді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Егер қазіргі жағдайды алсақ, онда карантин алты облыстың 25 ауданындағы 48 елді-мекенге енгізілген. Бұл осы елді-мекендерде жоғары патогенді құс тұмауының болғаны зертханалық зерттеулермен расталғанын білдіреді. Күні бүгінге дейін Түркістан, Ақтөбе облыстарында, Шымкентте, Жамбыл облысының бір ауданында, Ақмола облысының бір ауданында, Павлодар облысының бір ауданында, сондай-ақ Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының төрт елді-мекенінде құс тұмауы анықталған жоқ, - деді Гүлмира Исаева ОКҚ-да өткен брифингте.

Сонымен қатар ол құс етін, жұмыртқасын, сол секілді құстың өзін тірідей импорттауға жаңа шектеулер жақын арада енгізіле ме деген сұраққа жауап берді.

- Бұл құстардың өліміне қатысты жаңадан тіркелетін ақпараттарға байланысты болады. Егер зертханалық зерттеулер жоғары патогенді құс тұмауы вирусының бар екендігін көрсетсе, онда ветеринария қызметі шектеулер енгізіп, карантиндік шараларды жүргізеді, - деді вице-министр.

Бүгінгі таңда 110 мың шаршы метрден астам алаң өңделді, бұл - құстардың ұсталған үй-жайлары. Бұл іске 700-ден астам маман тартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: