Қазақстанда вакцина мен штамм әзірлеуге 2 патент қарастырылуда
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" РМК (БҚПҒЗИ) ҚР ӘМ "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК-ға (Kazpatent) Covid-19 алдын алуға арналған вакцинаны және коронавирустық инфекция штаммын әзірлеу жөніндегі екі патенттік өтінім берді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда екі өтінім де Kazpatent-тің формалды сараптама кезеңінен өтті.
Күні бүгінге дейін БҚПҒЗИ ғалымдары патент алу үшін екі өтінім берді:
1. 2020 жылғы мамыр айында - "COVID-19 алдын алу үшін әсерсіздендіретін вакцинаны алу тәсілі";
2. 2020 жылғы тамыз айында - "COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакциналардың ерекше профилактикалық құралдарын әзірлеу, лабораториялық диагностикалау және биологиялық қорғанысының тиімділігін бағалау үшін қолданылатын COVID-19 коронавирустық инфекциясы вирусының "SARS-CoV-2/KZ_Almaty/04.2020" штаммы".
Қазіргі кезде өтінімдер мәні бойынша сараптама кезеңінен өтуде. Сараптаманың нәтижесі оң болған жағдайда өнертабыс патенттеледі, - деп хабарлады Kazpatent директоры Ермек Қуантыров.
Патент өнертабыстың патентке қабілеттілігін, атап айтқанда, "жаңалық", "өнертабыстық деңгейге жеткендігі", "өнеркәсіпте қолдануға жарамдылығы" шарттарына сәйкес келуін тексеретін сараптаманың нәтижелері бойынша беріледі.