Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы шетіндегі үйлердің қасынан зираттар салына бастады

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2020 19:41 видеодан кадр
Тұрғындар терезеден мазарларға қарап отырамыз ба деп қорқуда.

Бейіттер қорғанымызға дейін жетті. Алматыдағы Бостандық ауданының тұрғындары зираттармен көрші болғанына қынжылуда. Өйткені, аумақты 49 жылға жалға алған салттық қызмет көрсету комбинаты санитарлық талаптардың нормасын сақтамай, мүрделерді тым жақын жерге жерлей бастаған. Бұған наразы жұрт құзырлы органдарға хат жазып, қатаң бақылауда ұстауын талап етіпті, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қаланың таулы аймағындағы тұрғындар зираттардың көбейіп бара жатқанына алаңдаулы. Олардың айтуынша, сонау тоқсаныншы жылдары Қарасай ауданына тиесілі болған жерлеу орны екі мыңыншы жылдары жабылған екен. Алайда, 2015 жылы Бостандық ауданына өтіп, басымыз бәлеге қалды дейді. Себебі, 2016 жылдан бастап жақынын осында жерлеушілер көбейген.

– Үй мен зираттың арасы кем дегенде үш жүз метр болуы керек. Ал, қазір мұнда 15 метрге де жетпейді. Бізге 49 жылға жалға алғандығы туралы құжаттарын көрсетті. Жерлеуге арналған жерді қалай ғана 49 жылға бергендігі бізді шынымен де таңғалдырды, – дейді қала тұрғыны Рафаэль Мұхамедов.

Бейбіт күнде үйлерінің жанынан бейіт көрген тұрғындар шарасыз күйде. Өйткені 49 жылға жалға алдық дегендер, енді жеке үйлердің қоршауын жағалай мазар тұрғыза бастапты. Тірімізде зиратпен көрші қылғандар құнарлы жерді қымбат ақшаға саудалап, бізге қарайлайтын емес дейді.

Осыдан екі жыл бұрын Абай Сағитовтың қоршауының жанына бейтаныс адамды жерлепті. Қанша айтқанымызбен тыңдамады дейді. Санитарлық талаптың сақталмағаны былай тұрсын, балаларымыз бен немерелерімізді аулаға ойнатуға қорқамыз деп отыр.

– Өте қымбат бұл жерде жер иә. Бұл жерден пайда көп көріп отыр ғой бұлар. Жерлеуден-ақ. Адамдар қайтыс болғанда аямайды ғой ақшаны да, анау-мынаны да. Жер тапсақ, осы жерде жатса екен деп иә. Жер жетеді мына Боралдай жақта. Сол жаққа барлығын шығармай ма, – дейді тағы бір тұрғын Абай Сағитов.

Тұрғындардың күйттеп отырған мәселесі бұрын алмабаққа айналған жеті жарым гектар жер. Осында серуендеп, ағаштарға тамсана қарайтынбыз дейді. Енді оның барлығын отап, терезеден мазарларға көз саламыз ба деп қорқуда. Ал, әкімдік өкілдері 2018 жылдан бері бұл жерді пайдалану құқығы тоқтаған деп жауап беріпті.

Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының тұрғындарға берген жауабынан:

"Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "құқықтық актілер туралы" Заңға сәйкес, сондай-ақ "Алматы қаласының мамандандырылған салттық қызмет көрсету комбинаты" ЖШС-нің 2018 жылғы 6 қаңтардағы №150-ші өтініші бойынша және Алматы қаласы жер комиссиясының 2018 жылғы 11 қаңтардағы қорытындысы негізінде, Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 8 ақпандағы №1/1-302 қаулысымен, уақытша берілген жер учаскесін пайдалану құқығы тоқтатылды".

Ал, сыбайлас жомқорлыққа қарсы агенттіктің өкілдері бұл жайтқа қатысты былай деді.

Данияр Таумұрат, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің бірінші орынбасары:

Бұл жағдайға қазірдің өзінде зер салатын болсақ, мемлекетке үлкен шығын келтіруі мүмкін. Өйткені, ешқандай орган оларға құрылыс жасауға рұқсат бермейді. Сонымен қатар олардың мүліктерінің құны да төмендейді. Соңында мемлекет олардан сатып алуына тура келеді. Ол үлкен қаражатты талап етеді. Қазір біз бұл мәселені бақылауымызға алып, карантиндік межені сақтап қалуға тырысамыз.

Жабық зират пен жеке сектордың арасы жүз метр болса, ашық мазарлардың арасы үш жүз метрге дейін болуы керек екен. Алайда бұл заң мұнда орындалмай тұр. Қазіргі таңда мамандар барлығын бақылауға алдық және жерлеу уақытша тоқтатылды деді. Бірақ, мұнда қабірдің қайта қазылу, қазылмауы болашақтың еншісінде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: