Экономикалық тергеу қызметінің экс-қызметкері кәсіпкерден ақша бопсалаған

Алаяқ ақша қаражатын алғаннан кейін қылмыс үстінде ұсталып, қылмысын мойындады.
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ішкі тергеу департаменті алдау және сенімін пайдалану арқылы өзін Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкері ретінде таныстыра отырып, кәсіпкерден 30 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған Алматы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.
Жедел-тергеу іс-шарасы нәтижесінде алаяқ ақша қаражатын алғаннан кейін қылмыс үстінде ұсталып, қылмысын мойындады.
Сотқа дейінгі тергеу барысында, құқық бұзушы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің (бұдан әрі -ЭТҚ) бұрынғы қызметкері екендігі, 2017 жылы пара алғаны үшін сотталып және теріс уәжпен ЭТҚ босатылғаны анықталды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript