Жаңалықтар тізбегі
0

1967-ші жылы салынған Шардара СЭС-ін жаңарту жұмыстары аяқталды

"Самұрық-Энерго" АҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2020 15:58 "Самұрық-Энерго" АҚ
Жүргізілген жаңғырту жұмыстары су станциясының қызмет ету мерзімін 35-40 жылға дейін ұзартады.

"Самұрық-Энерго" АҚ Шардара СЭС-ін толық жаңғырту бағдарламасын аяқтады. Жалпы құны 38 млрд теңгелік жоба аясында станциядағы төрт гидроагрегаттың бәрі де ауыстырылды. Жаңа гидроагрегаттар су электр станциясында электр өндіруді жылына 480-нен 537 млн кВт/сағатқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды zakon.kz.

Құрылысты австриялық-германиялық Andritz Hidro GmbX компаниясы жүргізді. Ауқымды қайта құру СЭС-тің қуаттылығын 100 МВт-тан 126 МВт-қа арттырды. Қазақстандық электр энергетикалық холдинг мамандарының сөзінше, бұл жоба энергия тапшылығын сезініп отырған Түркістан облысын электр энергиясымен қамтамасыз етуде және өңірдегі су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруда үлкен маңызға ие.

"Самұрық-Энерго" АҚ-ға тиесілі Шардара СЭС-і 1967 жылы пайдалануға берілді, белгіленген қуаттылығы 100 МВт және төрт гидроагрегаты бар. Норматив бойынша қызмет ету мерзімі 25 жыл болса, станция 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді, бұл оның технологиялық жабдығы 100%-ке тозуына әкеп соқтырды. Су станциясында орнатылған электр жабдығының бір бөлігін оны жасаған зауыттар қазір шығармайды және өндірістен алып тастаған. Жүргізілген жаңғырту жұмыстары су станциясының қызмет ету мерзімін 35-40 жылға дейін ұзартады, сондай-ақ СЭС-ті пайдалану сенімділігін арттырып, авария деңгейін төмендетеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: