Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғыз еліндегі ахуалға қатысты Қазақстанның ұстанымы жарияланды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2020 18:32 Сурет: zakon.kz
Қырғыз Республикасында болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі.

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қырғыз еліндегі жағдайға қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қырғыз Республикасында болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі. Қазақстанда бауырлас Қырғыз елімен өзара дәстүрлі достық қатынастарды және стратегиялық серіктестікті нығайту аса маңызды деп санайды. Сонымен қатар көршілес елдегі ахуалды тұрақтандыру ісі Қырғыз Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырылады деп үміттенеді. Қырғыз халқы өз мемлекетінің ұзақ мерзімді мүддесі үшін күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табады деп пайымдайды", деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

5 қазанда Қырғыз елінде жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Сайлауда Парламентке өте алмай қалған партиялардың өкілдері наразылықтарын білдірді. Наразылық білдірушілер сайлау нәтижелерінің жойылып, қайта дауыс беруді талап етті. Кешке наразылық білдірушілер мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыстар болды. Түнде Бішкекте наразылық білдірушілер Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына баса-көктеп кіріп, Қырғыз елінің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты босатты. Елдің бас прокуроры міндетін уақытша атқарушы тағайындалды, ол Жогорку Кенештің депутаттарын сайлау кезінде ірі көлемде фальсификацияға жол берушілердің барлығын қамауға алуға санкциялар берілгенін мәлімдеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: