Желіде Елбасының тұңғыш теңгені ұстаған суреті жарияланды

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы ұлттық валютаны ұстап тұрған суреті желіде жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
15 қараша - Ұлттық валютаның туған күніне арналған Елбасының баспасөз қызметінің Іnstagram-дағы парақшасындағы жазбада: "Мұндай оқиғалар әр елдің тарихында бір-ақ рет кездеседі" делінген.
1993 жылдың соңына дейін Қазақстан рубль аймағында болды және тәуелсіз экономикалық саясат жүргізе алмады. Ресейдің ескі нұсқадағы қолма-қол ақшасының басқа елдерден жаппай біздің ел аумағына түсуі қазанның аяғында республиканың ақша жүйесінің бұзылуына, инфляцияға, «қазақстандық» және ресейлік рубльдің сатып алу қабілетінің күрт алшақтауына әкелді. Мұның бәрі біздің халықтың өмір сүру деңгейіне теріс әсер етті. Сол жылдың 15 қарашасында Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен КСРО Мемлекеттік банкі мен Ресей банкінің қазынашылық және банктік билеттерінің айналымы тоқтатылды. Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналымға жіберілді.
"Осы сәттен бастап Қазақстанның шынайы тәуелсіздігінің қалыптасуы мен ел дамуындағы маңызды кезең басталды. Мұндай оқиғалар әр елдің тарихында бір-ақ рет кездеседі", – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.