ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ережесі бекітілді

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2020 21:38 Ақорда
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Агенттіктің Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ережені, сондай-ақ агенттіктің құрылымын бекітті.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Агенттіктің Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылуын бұйырды.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жарлық туралы толық ақпаратпен мына сілтемеден таныс болуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: