Қырғыз елінде Жээнбековтің адамдарының үстінен іс қозғалды
akipress.org
Өз-өзін бас прокурор ретінде тағайындаған тұлға түрлі баптар бойынша, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық, мемлекет қаржысын жымқыру, қызмет бабын асыра пайдалану фактілері бойынша іс қозғалғанын жариялады.
Бас прокуратура Жээнбековтер, Матраимовтар кландарына және экс-премьер-министр Мұхаммедқали Абылғазиевке қатысты 3 қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы АКИpress-ке "Чон Казат" партиясының жетекшісі Сыймық Жапыкеев айтты. Оның айтуынша, аталған адамдарға қатысты түрлі баптар бойынша, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық, мемлекет қаржысын жымқыру, қызмет бабын асыра пайдалану фактілері бойынша іс қозғалды.
"Әскери прокуратурадан тергеу тобы құрылды. Тексеру мен тергеу басталды. Біз тек формальды түрде іс қозғап қана қоймай, одан нәтиже шығаруға ниеттіміз", - деді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript