Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте алюминий құты шығаратын зауыт құрылысы басталды

баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2020 22:45 баспасөз қызметі
Зауыт өнімі – импортты алмастыратын өнім болады.

2020 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі "KazAlPack" компаниясының жеңіл металдардан (алюминий банка )жасалған қаптама өндіру бойынша Орталық Азиядағы тұңғыш зауыт құрылысының капсуласын салды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жоба 23,4 млрд теңге инвестиция мөлшерімен "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда.

Жылына көлемі 450 мл болатын 750 млн алюминий банкілерді және сусындар үшін қақпақтарды өндіру жоспарлануда. Жобада осындай жабдықты өндірудегі әлемдік көшбасшы – "Stolle Machinery" (АҚШ) компаниясының ең заманауи технологиясы қолданылатын болады.

Зауыт өнімі импортты алмастыратын өнім болып табылады және отандық тамақ өнеркәсібінің алюминиелік банкіге қажеттілігін 75%-ын жабуға мүмкіндік береді. Шығарылатын жалпы көлемнің 10% өнімін экспорттау болжануда.

Ауданы 22 мың шаршы метр болатын зауытта ұзындығы 800 метр өндірістік желі орналастырылады, ол 13 өндірістік операцияларданжәне бірқатар сапаны тексеру жүйелерінен тұрады.

Жобада толық автоматтандырылған жүйелердіжәне өлшем жабдықтарын қолдану қарастырылған, осының арқасында өндірістік желінің жылдамдығы секундына 50 банкіжәне қақпақты немесе минутына 3000 дананы құрайтын болады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов кәсіпорындарды өзіміздің шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында компания басшылығына отандық металл өндірушілерді қолданумен алюминий прокатының өндірісін игеруді ұсынды.

Өндірісті 170 жұмыс орнын құрумен 2021 жылдың аяғында іске қосу жоспарланып отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: