Атамбаев билікке таласпайтынын айтты
today.kg
Атамбаев ешкімге ақша таратып жатпағанын да айтты.
Митингте сөз алған Қырғыз елінің экс-президенті Алмазбек Атамбаев билікке таласпайтынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz 24.kg-ге сілтеме жасап.
Митингтегі сөзінде ол: "Егер маған билік қажет болса,кезінде Президент болып екінші мәрте сайланып алар едім ғой" деп салды.
- Сол кезде көптеген адам мені көндіруге тырысты, оның ішінде басқа елдердің, тіпті Еуропаның да президенттері бар. Мен билікті бейбіт жолмен беруге әдейі жағдай жасадым. Атамбаевқа билік қажет емес. Барлық жастар өз балам секілді. 2010 жылы мен де уақытша үкіметке қарсы шықтым, өйткені заңсыздық болмауы керек еді, - деді ол.
Атамбаев ешкімге ақша таратып жатпағанын да айтты.
- Мен түрмеден жаңа шықтым. Әйелім Раяның барлық есепшоттары бұғаттаулы. Менің Рая 500 сомға қарызға кіріп кеткен, - деді Атамбаев.
Бүгін Бішкекте түрлі саяси күштердің митингілері өтіп жатыр. Ескі алаңында Садыр Жапаровтың жақтастары митинг өткізіп жатыр, ал Өмірбек Бабановты кабинет басшылығына ұсынған партиялар Ала-Тоо алаңына жиналуға ниетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript