Пайдалы тізім: қымбат дәрілердің арзан баламасы
Дәрігердің бөлмесіне бір кіріп шықсаңыз, ұзын-сонар дәрі тізімін қоса алып шығатын кездер жиі болады. Кейбірінің атауы ел аузында жүрсе, енді бірімен енді танысқан болып шығасыз. Әсіресе, жарнамасы дүр сілкіндіретін препарат сізді де аяқтан тұрғызып, демде дертіңізге дауа болар деп дәмеленетініңіз де рас. Десек те, қымбат не аты таныс дәрі біткеннің бәрі шипа береді деп ойламаңыз.
Осы ретте қазақша "Курсив" бағасы удай дәрілердің арзан әрі одан еш кем түспейтін аналогтарын ұсынады.
Ауырып ем іздей қалсаңыз, алдымен дәрігерге барасыз. Ол берген ем-домды жасамастан бұрын, берген дәрілерге бір көз салғаныңыз жөн. Өйткені іскерлік жаңалықтарды оқи қалсаңыз, Қазақстан экономикасына әлемдік пандемияның әсері болғанын көзіңіз шалса керек. Ендеше, қалтаңыздан қағып түсірмейтін, денсаулығыңызды жолға қоюға көмектесетін тәсілмен таныс болыңыз.
Препараттардың аналогынан бөлек, соған ұқсас әсері бар түрлері де болады. Сондықтан бір дәрінің баламасын ішер алдында дәрігерден кеңес алу қажет. Әр дәрінің беретін әсері бөлек, әрі әлдекімдерге ішуге рұқсат етілмеген болуы да мүмкін. Мысалы бір дәріні жүкті әйелдерге ішуге болады деп жазып берсе, оның арзан аналогының жанама әсері болуы да ғажап емес. Үнемдеймін деп жүріп үйдей бәлеге ұшырап қалудан сақ болыңыз! Сонымен қатар, қандай дозада ішуге болатынын да ескеру шарт. Назарыңызға ел аузында жүрген қымбат дәрілер мен олардың арзан баламаларын ұсынамыз.
Нурофен (890-1219 теңге) = Ибупрофен (70-95 теңге)
Мезим (590-1560 теңге) = Панкреатин (255-360 теңге)
Но-шпа (695-855 теңге) = Дротаверин гидрохлориді (115-160 теңге)
Панадол (750 теңге) = Парацетамол (60-120 теңге)
Белосалик (1665-2240 теңге) = Акридерм СК (800-1065 теңге)
Бепантен (1880-2200 теңге) = Пантодерм (491 теңге)
Бетасерк (3430-3890 теңге) = Полвертик (1600-2250 теңге)
Артрокол (1970-2310 теңге) = Кетопрофен (925-1045 теңге)
Азифекс (3695-4050 теңге) = Азитромицин (840-995 теңге)
Вольтарен эмульгель (1380-2300 теңге) = Диклофенак (410-520 теңге)
Омегаст (1250-1600 теңге) = Омепразол (330-380 теңге)
Детралекс (4480-5605 теңге) = Канталин микро (3180 теңге)
Дифлюкан (3224-4200 теңге) = Медофлюкон (750-900 теңге)
Снуп (1565-1900 теңге) = Отривин (650-850 теңге)
Гистак (1224-1390 теңге) = Ранитидин-акос (120 теңге)
Зиртек (950-1840 теңге) = Зетринал (300-1025 теңге)
Зовиракс (1725-2225 теңге) = Ацикловир (190 теңге)
Иммунал (1637-2850 теңге) = Вито плюс эхинацея (550-1500 теңге)
Имодиум (950-1500 теңге) = Лоперамид (68-90 теңге)
Йодомарин (1055-1450 теңге) = Йод актив (382-500 теңге)
Кавинтон (1980-2710 теңге) = Винпоцетин (450-540 теңге)
Кларитин (1800-2400 теңге) = Кларисан (748-1165 теңге)
Клацид ср (10600 теңге) = Клабел 500 (2925-4845 теңге)
Лазолван (1200-1905 теңге) = Амброксол (348-850 теңге)
Ламизил (2480-4241 теңге) = Терфалин (690-1820 теңге)
Лиотон-1000 (2430-3400 теңге) = Гепарин (460-695 теңге)
Ломилан (980-2500 теңге) = Лорактив (458-678 теңге)
Дексамед (2630-2860 теңге) = Дексаметазон (501-600 теңге)
Мидриацил (2120-2875 теңге) = Тропикамид (1020-1400 теңге)
Мирамистин (1450-1740 теңге) = Мирамиксидин-DF (210-233 теңге)
Мовалис (2280-2760 теңге) = Мелбек (1180-1760 теңге)
Мильгамма (2150-2660) = Нейромультивит (1455-1880 теңге)
Нормодипин (2100-2600 теңге) = Амлодимед (763-955 теңге)
Омегаст (1305-2000 теңге) = Омепразол (303-420 теңге)
Отривин (560-900 теңге) = Снуп (1420-1895 теңге)
Пантокальцин (4500-5600 теңге) = Панангин (1143-1163 теңге)
Пантокальцин (4500-5600 теңге) = Пантогам (3235-4100 теңге)
Сумамед (4600-6655 теңге) = Азитромицин (600-1028 теңге)
Трентал(2000-2850 теңге) = Пентоксифиллин (260-300 теңге)
Трихопол (840 теңге) = Метронидазол (35-55 теңге)
Троксевазин (1175-1415 теңге) = Троксерутин (360-490 теңге)
Омегаст (1305-2000 теңге) = Омепразол (303-420 теңге)
Фастум-гель (2360-2900 теңге) = Кетопрофен (925-1090 теңге)
Финлепсин 200 ретард (2900-2950 теңге) = Карбамазепин (1060 теңге)
Дифлюкан (3220-4179 теңге) = Флуконазол (440-480 теңге)
Фурамаг (3210-3398 теңге) = Фурагин (475-1150 теңге)
Энап-hl (1035-1300 теңге) = Эналаприл-акос (50-52 теңге)
Эрсефурил (1000-1251 теңге) = Фуразолидон (34-50 теңге).