Шетелден келген тағы төрт жолаушыдан коронавирус анықталды

platon.asia, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2020 18:47 platon.asia
Олар қолында КВИ-дің бар-жоғын нақтылайтын құжат болғандықтан анализ тапсыру үшін алдында стационарлық ауруханаға карантинге орналастырылған.

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабылов түнде келген қанша жолаушы ПТР-тест тапсыру үшін карантинге орналастырылғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Биылғы жылдың 14 қазанына қараған түні 9 рейс келді, ондағы 1 052 жолаушының 862-сінде КВИ бар-жоғын растайтын құжат болған, ал 190 адамның анықтама қағазы болмаған, - деді Байғабылов.

5 рейс Нұр-Сұлтан қаласына қонды, онда 533 жолаушы болды, оның 118-нің анықтамасы болмаған;

Алматыға 3 рейспен 428 жолаушы келді, оның 62-сінің анықтамасы болмаған;

Ақтауға 1 рейспен 91 жолаушы келді, оның 10-ында анықтама болмаған.

Анықтама қағазы жоқ барлық 190 әуе жолаушылары ПТР анализі үшін келген қалаларындағы карантиндік ауруханаларға орналастырылды.

- Айта кету керек, биылғы жылдың 13 қазанында Алматыға шетелден келген 4 азаматтан (біреуі Анталиядан, ал үшеуі Шарм-эль-Шейхтен келген) коронавирус анықталды. Төрт азаматта да COVID-19 бойынша ПТР-тест анықтамасы болмаған. Барлық қажетті медициналық және эпидемияға қарсы шаралар белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады, - дейді Көліктегі бас санитарлық дәрігер.

Бұған дейін шетелден оралған алты қазақстандыққа коронавирус диагнозы қойылғандығы хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: