Жаңалықтар тізбегі
0

"Birgemiz" қоры 70 мыңнан астам отбасыға атаулы көмек берді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2020 21:16 zakon.kz
Бүгінге дейін қор қаражатынан 550 мыңнан астам мұқтаж азамат 50 мың теңгеден алды.

72 814 адамға "Birgemiz" қорынан 50 мың теңгеден берілді. Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Теміртау, Түркістан және Орал сияқты 16 қаланың тұрғындары атаулы әлеуметтік көмекті алып үлгерді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақшалай қаражат беру үш кезеңде жүзеге асырылады. 15 қазанда "BizBirgemiz" науқанының бесінші толқыны аяқталады. Бар болғаны, үш күннің ішінде еліміздің 23 қаласынан 100 мың отбасыға көмек көрсетіледі.

Қазақстандықтар Елбасы мен "Nur Otan" партиясына әлеуметтік желілер арқылы алғыс білдіріп, мұның коронавирус пандемиясы жағдайында дер кезінде көрсетілген әлеуметтік көмек екенін айтуда.
"Мен жеті баланың анасымын. "Birgemiz" қорынан 50 мың теңге келіп түсті. "Birgemiz" қорына, "Nur Otan"-ға және халықтың қамын ойлаған Елбасыға алғысымды айтқым келеді", - деді көпбалалы ана.

"Жаңа ғана менің телефоныма "Birgemiz" қорынан 50 мың теңге түскені туралы хабарлама келді. Осындай қиын кезеңде қарапайым халыққа көмектесіп жатқан қорға алғысымды білдіргім келеді. Нұрсұлтан Әбішұлына көрсеткен қолдауы үшін алғысымды айта отырып, істеріңізге табыс пен гүлдену тілеймін", - деді Шымкент қаласының тұрғыны.

Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен өңірлерге шамамен 5 млрд теңге бағытталды. Атаулы көмек көрсету - Елбасы, "Nur Otan" партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдаған шешімі.
7 санат бойынша 100 мыңнан астам азамат біржолғы материалдық көмекпен қамтылады. Олардың қатарында тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар, мұқтаж мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын және халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын зейнеткерлер, жетім балалар (тұл жетім балалар мен асыраушысының бірінен айырылған балалар), Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектер жіне соларға теңестірілгендер,тыл еңбеккерлері бар.

Көмек алушылардың тізімін бұрынғыдай "Nur Otan" партиясының бақылауымен әкімдер ұсынады. Бұл ретте көмекті бұрын алмаған азаматтар алды.

Естеріңізге сала кетейік, "Birgemiz" қоры осы жылдың наурыз айында Тұңғыш Президент, "Nur Otan" партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күрес жағдайында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін құрылған болатын. Осы уақыт ішінде қор қаражатынан 550 мыңнан астам мұқтаж азамат 50 мың теңгеден алды. Пандемиямен күресте алдыңғы шепте болған елорда мен Алматы қаласының 2112 медицина қызметкеріне біржолғы төлем жасалды. Пандемия басталған кезеңде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы әлеуметтік әлсіз 100 мың отбасыға 5 млн. маска таратылды.

Сонымен қатар, қор есебінен Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы Мырзакент ауылында 20 үйдің құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта 12 үйдің құрылысы жалғасуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: