Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл 20 мыңнан астам алматылық атаулы әлеуметтік көмек алды

ақша берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2022 18:23 Сурет: pixabay
Барлығы 1,2 мыңнан астам алматылық отбасына тұрғын үй көмегі көрсетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл 20 мыңнан астам алматылық атаулы әлеуметтік көмек алды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бірінші жартыжылдықтың көрсеткіштері туралы Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жалпы, жыл басынан бері мегаполистің 50 мыңнан астам тұрғынына әлеуметтік төлемдер берілді.

Атаулы әлеуметтік көмек 4,2 мыңнан астам отбасыға, яғни 20 261 адамға 922 млн.теңге көлемінде көрсетілді. Биыл барлығы 28 мың адамды қамту жоспарланып отыр. Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға тек материалдық көмек пен қолдау ғана көрсетіп қоймай, мейірімділік пен қамқорлық танытуға тырысамыз, - деп мәлімдеді Д.Әлкебайұлы.

Сонымен қатар, еңбекке жарамды АӘК алушылар жұмыспен қамту орталығына жіберіледі, орталықта оларға жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі.

Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары отбасы мүшелеріне шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аспайтын жағдайда отбасыларға АӘК төленетінін атап өтті. АӘК-тің негізгі алушылары – көпбалалы отбасылар, жалақысы төмен жұмыс істейтін азаматтар, зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдардың күтімін жасап отырған отбасылар және басқа да аз қамтылған адамдар.

АӘК төлемдерден басқа, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін отбасыларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет те қарастырылған. Жыл басынан бері 996 бала кепілдендірілген көмектің осы түрімен қамтылды, ал олардың отбасыларына 2 853 азық-түлік қоржыны берілді.

Алматы қаласы әкімдігі тарапынан көрсетілетін қолдаудың тізімі тұрғын үй көмегімен толықты. Коммуналдық шығындары отбасының жалпы табысының 5 пайызынан асатын аз қамтылған отбасылар бюджет есебінен өтеледі. Барлығы 1,2 мыңнан астам алматылық отбасына тұрғын үй көмегі көрсетілді.

Спикер әлеуметтік төлемдердің басқа түрлерімен 14,7 мың қала тұрғыны қамтылғанын, сондай-ақ 14,3 мың соғыс ардагері мен оларға теңестірілген ардагерлер де назардан тыс қалмайтынын хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: