Ұлттық сенім кеңесінің IV отырысы 22 қазанда өтеді
Facebook
Басқосу онлайн форматта өтеді.
Ұлттық сенім кеңесінің жалпы республикалық кезекті отырысы 22 қазанда онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы Президент кеңесшісі Ерлан Қарин Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті төртінші отырысы биылғы 22 қазанда өтеді. Онлайн форматта ұйымдастырылатын жиынға кеңес мүшелерінің бірнеше өңірден қосылуы жоспарлануда. Күн тәртібіндегі негізгі тақырып – Мемлекет басшысының "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты жолдауын жүзеге асыру мәселелерін талқылау. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмыс топтары алдағы отырыс аясында Президент Әкімшілігі, Үкімет және Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі басшылығының қатысуымен арнайы талқылаулар өткізеді", делінген жазбада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript