Бүгін Президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтеді
Ақорда
Жұртшылық пікірі ескерілетін алаңда мемлекеттік саясаттағы маңызды мәселелер талқыға түседі.
Бүгін елордада Президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтеді, деп хабарлайды "Хабар 24".
Жұртшылық пікірі ескерілетін алаңда мемлекеттік саясаттағы маңызды мәселелер талқыға түседі.
Еске сала кетейік, ұлттық кеңес президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен шілде айында құрылған болатын. Осы уақытқа дейін құрамы мен негізгі міндеттері айқындалды. Қырықтан аса қоғам белсендісі оған мүше ретінде енді.
"Алғашқы отырысына қызу дайындық жүргізілді. Ал осыдан бір апта бұрын Президент Әкімшілігінің басшысы, Кеңес төрағасының орынбасары Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен алдын ала жиын өтіп, кеңес мүшелеріне куәліктер тапсырылды. Жалпы ұлттық кеңес Президент жанындағы консультативтік орган ретінде жұмыс істейді. Жүктелген міндеттерді орындау үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті ақпарат, құжат яки кез келген материалды сұрата алады",- дейді телеарна тілшісі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript