Жаңалықтар тізбегі
0

Шот-фактура жазу мен заңсыз қолма-қол ақшамен айналысатын 60-тан астам топ ұсталды

okna-tm.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2020 18:20 okna-tm.kz
Олар 1200-ден астам бақыланатын компаниялар құрды, олардың қаржылық айналымы 2 триллион теңгеден асты.

Қаржы мониторингі комитетінде "көлеңкелі" экономикамен күрес бойынша 2020 жылғы 9 айындағы жұмысы қорытындыланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысының Экономикалық тергеу қызметін қайта бағыттау жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде жедел-алдын алу шараларының кешені ұйымдастырылды.

Прокуратура және ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, шот-фактураларды жалған жазып беру мен ақша қаражатын қылмыстық жолмен қолма-қол ақшаға айналдырумен күреске бағытталған "STOP-ОБНАЛ" жедел-алдын алу шарасы жүзеге асырылуда.

Талдау арқылы жалған шот-фактураларды жазып беру мен криминалдық қолма-қол ақшамен айналысатын 60-тан астам ықтимал қылмыстық топ анықталды. Олар 1200-ден астам бақыланатын компаниялар құрды, олардың қаржылық айналымы 2 триллион теңгеден асты.

Соңғы бес жылда алғаш рет қолма-қол ақшаны алу деңгейі 39%-ға азайғанын атап өткен жөн.

Жалпы, ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған қатысу фактілері бойынша 47 қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен бірге, мемлекеттік сатып алулар және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтауға бағытталған "Қазына" жедел-алдын алу шарасы өткілізуде.

Жылдың басынан бюджеттік және квазимемлекеттік қаражатты жымқыру белгілері бар 200-ден астам сұлбалар анықталды. Олар бюджеттен 360 млрд. теңгеден астам қаражатты аударған.

Мұнай және мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымына қарсы іс-қимыл мақсатында "Barrel" жедел-алдын алу шарасы іске асырылуда. Қазіргі таңда еліміздің 5 аумағында осы саладағы фактілер тергеуде, олардың "көлеңкелі" айналымы 25,1 млрд. теңге сомасына 140 мың тоннадан астам ЖЖМ құрайды.

"Стоп-игра" жедел-алдын алу шарасы аясында 206 заңсыз ойын орнының қызметіне шек қойылды, елімізде 7 жасырын казино және 30 букмекерлік кеңсе анықталып, жойылды. Заңсыз айналымнан 2660 ойын автоматтары, терминалдар және покер үстелдері тәркіленіп алынды.

Жалған алкоголь өнімін өндіру бойынша 25 жерасты цехтары анықталды. Заңсыз айналымнан 620 мыңнан астам бөтелке алкоголь, 140 мыңнан астам литрге жуық спирт және 60 мыңнан астам жалған есепке алу-бақылау маркалары алынды.

ЭТҚ жалған ақша жасау саласында 185 қылмыстың жолын кесіп, 2000 астам купюраларды тәркілеп алды. Сондай-ақ, Алматы және Қостанай қалаларында жалға ақша жасайтын 2 жасырын типография жойылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: