Атырау облысында мыңнан астам қой мен ешкі қырылды

Мал қырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2026 11:53 Сурет: tiktok/alik0668 скриншот
Атырау облысының Жылыой ауданында жауын-шашын мен қолайсыз ауа райының салдарынан 1200-ден астам ұсақ мал қырылды.

Оқиға 2–3 маусым аралығында Сарықасқа және Желтау ауылдарында тіркелген. 11 шаруа қожалығында қой мен ешкі шығыны орын алған.

Мамандардың айтуынша, малдың жаппай қырылуына қолайсыз ауа райы ғана емес, жануарлардың жағдайы да әсер еткен. Атап айтқанда, жақында қырқылған қойлар суық жаңбыр мен желге төтеп бере алмай қалған.

Атырау облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының ветеринария бөлімінің басшысы Сайран Гуднанның мәліметінше, бірнеше сағатқа созылған нөсер жаңбыр мен қатты жел малдың қырылуына себеп болған.

"Шамамен 15 сағат бойы толассыз жаңбыр жауып, екпінді жел соқты. Нәтижесінде 1238 бас ұсақ мал қырылды. Қазіргі уақытта өлекселер санитарлық талаптарға сай жойылды", – деді ол.

Қайғылы жағдайға қарамастан, ауданда төтенше жағдай режимі енгізілмеген, сондай-ақ мал шығыны үшін өтемақы қарастырылмаған.

Сонымен қатар жазғы жайылымға шығарылған мал үшін арнайы қора-қопсылардың болмауы да шығынның артуына әсер еткені атап өтілді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда қой мен ешкі экспортына квота енгізілген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: