Жаңалықтар тізбегі
0

Есірткі сақтағаны үшін сотталған Жасұлан жастарға ақылын айтты

ШҚО ҚАЖД, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2020 02:34 ШҚО ҚАЖД
28 жастағы сотталған азамат өз қателігін мойындап, өмір сабақтары туралы әңгіме айтты.

Шығыс Қазақстан облысында есірткі затын сақтағаны үшін сотталған азамат өзінің туып-өскен ауданының жастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Жарма ауданының әкімшілігі және пробация қызметінің қызметкерлері жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу және қылмыстың алдын алу мақсатында аудан жастарының қатысуымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында пробация қызметінің есебінде тұрған 28 жастағы сотталған азамат өз қателігін мойындап, өмір сабақтары туралы әңгіме айтты, сондай-ақ жастарды оқу-білімге құмар болуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

23 жасымда есірткі сақтағаным үшін сегіз жылға сотталдым, өмірімнің бес жылын түрмеде өткердім, жазамның қалған бөлігін пробация қызметінің бақылауында өтейтін боламын. Жастық шағымды темір тордың арғы жағында өткергеніме қатты өкінемін, менің қателіктерімнің жастарға сабақ болғанын қалаймын. Сотталған деген сөздің салмағы да ауыр, сондықтан өмірде дұрыс жол табуға тырысу керек, – деді пробация бақылауындағы Жасұлан.
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: