Жаңалықтар тізбегі
0

Түрмедегілер бургер, суши және пиццаға тапсырыс бере алатын болды

ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2020 21:17 ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі
Әрине, тек рұқсат етілген заттарды жеткізу жүзеге асырылады.

Сотталғандар электронды дүкендер арқылы фаст-фудқа тапсырыс бере алады. Бұл туралы бүгін ҚАЖ комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов ІІМ алаңында өткен онлайн брифингте хабарлады, деп хабарлайды zakon.kz.

Пенитенциарлық жүйені жаңғырту және реформалау – Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің алдына қойған басты міндеті.

"Сотталғандарға арналған электрондық дүкендер сервисін енгізу, оларды жұмысқа орналастыру осы процестің маңызды бағыттары болып табылады. 2019 жылдан бастап сотталғандар үшін азық-түлік өнімдері мен бірінші кезекте қажетті тауарларды жеткізу жөніндегі мамандандырылған электрондық дүкендер қолжетімді. Мұнда тауарлардың 400-ден астам атауы ұсынылған, олардың барлығы тергеу изоляторлары мен түзеу колонияларында сату үшін қауіпсіз санатқа жатады. Тауарлар тізімі үнемі толықтырылып, кеңейтіліп отырады. Олардың қатарында азық-түлік, сусындар, тұрмыстық химия, кеңсе тауарлары, киім-кешек бар", дейді Комитет төрағасы.

Сотталғандар мейрамханалардан ыстық тағамға да тапсырыс бере алады: фаст-фуд, дәстүрлі және шығыс тағамдары, суши және пицца. Барлық бағалар қол жетімді. Сотталғандардың туыстары колонияға ең қажет заттарды жеткізу үшін электронды дүкенді қолдана алады, бұл әсіресе пандемия жағдайында өте өзекті, ал байланыссыз жеткізу вирустың түзеу мекемесі ішінде таралуына жол бермейді.

"2019 жылы біз ҚАЖ мекемелерінде электрондық дүкендерді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қостық. Жоба Ақмола және Алматы облыстарында және Алматы қаласында жүзеге асырылуда. Болашақта біз бұл тәжірибені еліміздің барлық колониялары бойынша енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл біздің жүйемізді реформалаудың аса маңызды бағыты және сотталғандардың әлеуметтік бейімделуі үшін аса маңызды мәнге ие. Олар колонияда тұрып, өздерін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезіне алады", - деп атап өтті ҚАЖК төрағасы Жанат Ешмағамбетов.

Сонымен қатар, тағы 4 мекемеде жасалған меморандум аясында азық-түлік өнімдері мен сәлемдемелерді жеткізу жобасы іске қосылды. Мұнда туыстары сайтта қажетті тауарларды сатып алып, мекемеге жеткізуге тапсырыс бере алады (курьерлік қызмет арқылы).

Әрине, тек рұқсат етілген заттарды жеткізу жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда Алматы қаласы, Алматы және Ақмола облыстарының ҚАЖД мекемелерінде төрт кәсіпкерлік субъекті ("CONVEX CO" ЖШС, "VNIMANIE-Telecom" ЖШС, "Плехов SIZORDER" ЖК, "Сервис продукт" ЖШС) арнайы контингентке арналған азық-түлік өнімдері мен сауқаттарды жеткізу бойынша электрондық қызметтерді ұсынады. ҚАЖК басшысының айтуынша, бұл жұмыс пенитенциарлық жүйеде цифрландыруды дамытуға бағытталған, бұл оны жетілдіруде оң әсер етеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: