УЕФА Чемпиондар лигасын 36 командаға дейін кеңейтуі мүмкін

uefa.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2020 15:13 uefa.com
Мұндай формат топ-матчтар санын көбейтуі тиіс.

УЕФА Чемпиондар лигасын реформалауды көздеп отыр, ондағы басты өзгерістердің бірі – 2024/25 маусымынан бастап турнирдің топтық кезеңіне қатысушылар санын арттыру, деп хабарлайды zakon.kz Газета.ру-ға сілтеме жасап.

The Telegraph ақпаратынша, топтық кезеңді 32 командадан 36 командаға дейін көбейту мүмкіндігі қарастырылуда. Егер бұл өзгеріс қабылданса, жарыс форматының екі нұсқасы қаралады.

Бірінішісі: 36 клуб алты топқа бөлініп, әрқайсысы бір-бірімен он матч өткізеді (бесеуін өз алаңында, бесеуін сырт алаңда).

Екіншісі: әр команда өз деңгейіне сәйкес себеттен жеребе арқылы анықталатын түрлі қарсыласпен он матч өткізеді.

УЕФА-ның ойынша, мұндай формат топ-матчтар санын көбейтуі тиіс.

Чемпиондар лигасының реформасы жөніндегі ақтық шешім келесі жылы қабылданады деп күтілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: