Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбекстанда этникалық қазақтардың құрылтайы өтеді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2020 17:34 Сурет: zakon.kz
Құрылтай 21 қазанда өтеді.

Өзбекстандағы этникалық қазақтардың кіші құрылтайы өтеді, деп хабарлайды zakon.kz Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына сілтеме жасап.

Іс-шараны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және "Отандастар қоры" мен Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты шараны ағымдағы жылдың 21 қазан күні тұңғыш рет онлайн режимінде Өзбекстандағы қазақ диаспорасымен өткізу жоспарлануда.

"Дәстүрге айналған кіші құрылтайды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы өткізіп келеді. Соңғы жылдары Ресей, Европа қазақтарының кіші құрылтайы өткен. Биыл бірінші рет пандемияға байланысты Өзбекстандағы қазақтардың кіші құрылтайын онлайын режимінде өткізуді ұйымдастырып отырмыз. Кездесудің басты мақсаты бауырлас Қазақстан-Өзбекстан арасындағы достық қарым-қатынас, мәдени-рухани байланыстарын нығайту. Өзбекстандағы қазақ диаспорасына қолдау көрсету, мәдени байланысты кеңейту, олардың түйткілді мәселелерін шешу жолдарын қарастыру", - дейді ДҚҚ Төрағаның бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков.

Осы құрылтайға Өзбекстанның Ташкент, Сырдария, Науаи, Бұхара, Хорезм облысы және тағы басқа елдердегі қазақ ұлттық мәдени орталықтарының басшылары мен ҚР мемлекеттік мекемелердің өкілдері, қоғам, өнер қайраткерлері қатысады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: