Асқар Биахметов Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Өкімімен Биахметов Асқар Сақтағанұлы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Асқар Биахметов 1975 жылы Ақтөбе облысында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Қаржы және несие" мамандығы бойынша, ҚАЗГЗУ "Құқықтану" мамандығы бойынша, ҚР Президенті жанындағы МБА ҰМСМ магистратурасын "Саясаттану" мамандығы бойынша және Дьюк университетін бітірген.
1993–2004 жж. — облыстық қаржы басқармасында, "Профилакторий" ПК, Салық комитетінде, қалалық әкімдікте, сондай-ақ Ақтөбе облысының қазынашылық және қаржы басқармаларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2004–2009 жж. — Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бастығы.
2009–2014 жж. — ҚР Конституциялық Кеңесі бөлімінің меңгерушісі.
2014–2015 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры.
2015–2018 жж. — Ақтөбе облысының әкімінің орынбасары.
2019–2020 жж. — ҚР Премьер-Министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі.
2020 жылғы 16 қазанда ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды.