Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2021 15:34 primeminister.kz
Олжас Жұмағұлов 1990 жылы Алматы қаласында туған.

ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен Олжас Әбдімомынұлы Жұмағұлов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Олжас Жұмағұлов 1990 жылы Алматы қаласында туған.

Американдық университетті, Лондон экономика мектебін, Лондонның Корольдік колледжін бітірген.

2013-2016 жж. ҚР Экономика және сауданы дамыту министрлігінде түрлі лауазымдар атқарды.

2016-2018 жж. ҚР АШМ Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2018 жылғы ақпаннан шілде айының аралығында ҚР инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі болды. 2018-2019 жж. — ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі. 2019 ж. тамыз айынан — ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: