Министр Б.Сұлтанов "цифрлық әмиян" туралы айтты
ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов сауда мен экспорттағы инфрақұрылымдық және цифрлық жобалар, олардың өзара қалай тоғысатыны және олардың ел үшін пайдасы туралы түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.
Сауда және интеграция министрі айып өткендей, Еуразиялық экономикалық одақ және Орталық Азия өңірі елдерінің баламалы жүйелерін интеграциялай отырып, ұлттық тауар өткізу жүйесін құру – Мемлекет басшысының маңызды тапсырмасы болып табылады.
Ұлттық тауар өткізу жүйесі Еуразиялық азық-түлік хабының негізгі инфрақұрылымы болады.
Қазақстанда ҰТЖ 24 көтерме-тарату орталықтан тұратын болады, олар фермерлік өнімді сақтау және қайта тарату бойынша көрсетілетін қызметтердің толық кешенін көрсетуге бағытталады.
Мұндай орталықтарды құру шикізатты сатып алу, өнімді өндіру және өткізу кезінде жеке қосалқы шаруашылықтарды қоса алғанда, көптеген шаруашылықтардың күш-жігерін шоғырландыруға мүмкіндік береді. Бір мезгілде барлық ауыл шаруашылық өндірушілерін кепілді тауар өткізілімімен және кіріс өсімімен қамтамасыз етеді.
Жалпы Ұлттық тауар өткізу жүйесі фермерлерді, сатып алушыларды, көлікшілерді, өткізушілер мен тұтынушыларды кластерге біріктіру үшін зәкірлі инфрақұрылым ретінде болады.
Жоба практика жүзінде іске асыру сатысына шығуда. Қазанның басында алғашқы 7 көтерме-тарату орталықтары құрылысына мүдделі бизнес-консорциум компаниялар жеке қаржы бастамасымен Министрлікке өтініш білдірді. Аталған объектілер Павлодар облысының Мичурино ауылы мен Ақсу қаласында, Алматы облысының Қапшағай қаласында, Жамбыл облысының Шу қаласында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында орналасатын болады. Тағы 17 көтерме-логистикалық орталықтар бойынша біз жеке инвесторларды тарту бойынша жұмысты алдағы жылдың соңына дейін жүргізуді жоспарлап отырмыз. Тауар өткізу жүйесінің функционалдық мүмкіндігі қазақстандықтың "цифрлық әлеуметтік әмияны" болмақ. Оны енгізуді пысықтау биылғы Жолдауда тапсырылды.
Министр Б.Сұлтанов түсіндіргендей, "цифрлық әмиянды" енгізудің мақсаты бір жағынан, азаматтарға әлеуметтік көмекке бөлінетін бюджеттік ресурстардың нысаналы пайдаланылуын және екінші жағынан, отандық тауар өндірушілерге жасырын қолдау түрінде оларды "қайтаруды" қадағалау болып табылады.
Яғни, цифрлық әмиян біздің бизнес жүзеге асыратын әлеуметтік маңызды тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін төлем төлеуге арналған.
Өзара байланысты келесі мысалында көрсетті:
- Ұлттық тауар өткізу жүйесінің механизмі – өнімді сатып алушыға тиімді және тез жеткізу, былайша айтқанда, "алқаптан сөреге дейін", сонымен қатар, оны сақтау. Бұл жағдайда тұтынушы алатын әсер – қосымша жарнамасыз және ең жақсы сападағы өнім. Ал әлеуметтік көмек алатын азаматтар қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың арнайы жүйесі арқылы осы отандық тауарларды сатып алып, ақшаны фермерлерге тікелей жібере алады. Осылайша, өндіруші мен тұтынушының бір-біріне деген өзара тиімді қызығушылықтарын біріктіре отырып, біз ҰТЖ арқылы тауар-ақша айналымының өзіндік бір түрін жабамыз. Бұл жұмысты біз өзіміздің цифрлық жобаларымыз аясында жүргіземіз. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша жұмыстарды үйлестіру үшін біз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, Қаржы министрліктерімен, Ұлттық банкпен және қаржы секторының қоғамдық ұйымдарымен бірлескен жұмыс тобын құрдық, - деді министр "әлеуметтік әмиян" бойынша жұмыс барысы туралы баяндағанда