Қырғыз елі президентінің міндетін атқарушы Жапаров отставкаға кететінін мәлімдеді
Қырғыз Республикасының премьер-министрі Садыр Жапаров президенттік сайлауға қатысады. Сондықтан ол отставкаға кетпек, деп хабарлайды zakon.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Қырғыз Республикасының премьер-министрі Садыр Жапаров Қошқар ауданына жұмыс сапары барысында президент сайлауына қатысу үшін желтоқсанның басында мемлекет басшысының міндетін уақытша атқару қызметінен кететінін мәлімдеді.
- Мен сайлауға басқалармен тең дәрежеде түсемін. Егер мені сайлап жатса, президент боламын, сайламаса, таласпаймын, - деді Садыр Жапаров.
Бұған дейін Қырғызстандағы президент сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына жоспарланған деп хабарланған болатын.
23 қазанда бұл елдегі парламент сайлауы кейінге қалдырылды. Ол 2021 жылдың наурызына дейін өтуі керек.
Жоғарғы Кеңеске сайлау жаңа Конституция жобасы қабылданғанға дейін кейінге қалдырылды. Ал қолданыстағы Конституцияға өзгерістер 2021 жылдың 10 қаңтарынан кешіктірілмей енгізілуі керек.