Атырауға шетелден ПТР анықтамасы жоқ 37 қазақстандық ұшып келді

hott.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2020 21:33 hott.ru
Ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталмағандықтан үйлеріне жіберілді.

Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің мәліметінше, Атырауға 20 - 25 қазан аралығында шетелден Стамбул-Атырау, Ташкент-Атырау, Амстердам-Атырау бағытында 4 әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды zakon.kz.

Халықаралық әуе рейспен барлығы 456 адам жеткізілді, деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Әуе рейсімен келген жолаушылардың арасында шетелдіктер жоқ, барлығы - қазақстандықтар. Олардың 37-інде COVID-19 -ға ПТР-тест қорытындысы болмағандықтан, карантиндік стационарларға жатқызылған.
Жолаушылардан коронавирус жұқпасына сынама алынды, қорытындысы теріс мәнді көрсетті. Ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталмағандықтан үйлеріне жіберілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: