Жаңалықтар тізбегі
0

Абақтыда жатқан Атамбаев аштық жариялады

president.kg, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2020 23:58 president.kg
Бұл туралы оның адвокаты мәлімдеме жасады.

ҰҚК-нің абақтысында жазасын өтеп жатқан Қырғыз елінің экс-президенті Алмазбек Атамбаев оны басқа қамау орнына ауыстырғалы жатқандықтан аштық жариялады, деп хабарлайды zakon.kz Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.

Алмазбек Атамбаев өзін №1 уақытша ұстау изольяторына ауыстырғалы жатқандығына байланысты аштық жариялады. Бұған дейін ол бір жыл бойы ҰҚК-нің уақытша ұстау абақтысында болған.

- Біз оны медициналық қызметке қол жеткізуі үшін No47 колонияға ауыстыруды сұрадық. Бірақ қандай да бір себептермен оны №1 уақытша ұстау изольяторына ауыстырғалы жатыр. Оның үстіне оны өлім жазасына кесілетіндерді ұстайтын жертөлеге апарған. Ол жерде кәріз жүйесі жұмыс істемейді, камераның есіктері ашық, жақында ғана жылу берілді. Ұстау жағдайына байланысты Алмаз Шаршенұлы бүгін аштық жариялады, - деді экс-президенттің адвокаты Сергей Слесарев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: