Жаңалықтар тізбегі
0

ІІ-тоқсанда оқушылар мектепке орала ма? Үкіметтік комиссия жаңа шешім қабылдады

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2020 05:25 inbusiness.kz
Премьер-министрдің баспасөз қызметі Коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК бірқатар шешім қабылдағанын жариялады.

Коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия екінші тоқсаннан бастап қалалық және ауылдық мектептердің жұмысын дәстүрлі форматқа ауыстыру туралы шешім қабылдады, алайда 300 оқушыға дейін деген шектеу бар, деп хабарлайды zakon.kz.

Премьер-министрдің баспасөз қызметі Коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК бірқатар шешім қабылдағанын жариялады:

I. Мектептегі оқыту бойынша:

- екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300 балаға дейін болатын қала және ауыл мектептерінің жұмысы дәстүрлі форматқа көшірілсін;

- ата-аналардың өтініші бойынша 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілсін.

Бұл жағдайда санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска режимін, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік арақашықтықты сақтау міндетті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: