ІІ-тоқсанда оқушылар мектепке орала ма? Денсаулық министрі жауап берді
24.kz
Бұл мәселе шешімі күніне қанша жағдай анықталғанына байланысты болады.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой дәстүрлі білім беру форматына оралу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның айтуынша, шешім күнделікті анықталып жатқан жағдай санына байланысты болады.
ІІ-тоқсан басталғанша әлі уақыт бар, тағы екі апта өтсін, қанша жағдай тіркелгенін көреміз, балалар арасында аурудың жиілігі қандай, соның бәрін біз комиссияға ұсынамыз. Бұл мәселе шешімі күніне қанша жағдай анықталғанына байланысты болады, - деді Цой Sputnik Қазақстанға.
Министр бұған дейін балалардың І-тоқсан аяқталғанша сабақты қашықтықтан оқитынын атап өткен болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript