Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да 165 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді

ANTIKOR, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2020 15:30 ANTIKOR
Негізінен пара алу және беру, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану және бюджеттік қаражатты ұрлау фактілері көп.

"Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқан аясында 9 айда атқарылған жұмыстарын қорытындылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлім 730 мыңнан астам адамды қамтыған 1700-ден астам іс-шара өткізді. Ал ТЖ енгізілген уақыттан бастап онлайн-форматта 600-ден астам іс-шара өткізіліп, 500 мыңнан астам адам қамтылды.

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысы аясында біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 155 баннер орналастырдық. Парасаттылық қағидаттарын күшейту үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырдық. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін 90-нан астам ролик әзірлеп, белсенді жастар мен дін қайраткерлерінен тұратын өңірлік ақпараттық-ағартушылық штабын құрдық. Республикалық комиссия мүшелері әлеуметтік маңызы бар объектілерге мониторинг ұйымдастырып, мемлекеттік гранттарды беру үшін өтінімдерді іріктеу жөніндегі комиссияның жұмысына белсене атсалысты. Сұранысқа ие дәрі - дәрмек бағаларына мониторинг жүргізу және шетелден келетін гуманитарлық көмекті бөлу жұмыстарын ұйымдастыру белгіленген, - деп атап өтті ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ерлан Жалмағамбет.

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында облыста 165 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Пара алу және беру, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану және бюджеттік қаражатты ұрлау фактілері орын алған қылмыстардың негізгі құрамы болып табылады.

- Біз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 13 сыртқы талдау және 11 сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау шараларын жүргізіп, әкімшілік кедергілерді азайту, заңнаманы жетілдіру және басқа да төрешілдік рәсімдерді жою бойынша тиісті ұсынымдар енгіздік. Сондай-ақ, "Атамекен" Ұлттық палатасымен бірлесіп, мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай терезесі іске асырылып жатқанын атап өткім келеді, оның аясында мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізіледі, - деді ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин.

Осы ретте, "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" жобасы аясында бүгінгі таңда барлық мемлекеттік ұйымдарда 811 млрд теңге сомаға бюджеттер жарияланғанын атап өткен жөн. Ал жыл басынан бері "Сатып алудың бірыңғай терезесі" арқылы сатып алуды бақылаудың арқасында мемлекеттік органдардың бюджеттерін үнемдеу шамамен 1 млрд теңгені құрады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: