Біреулер үш тонна медициналық қалдықты Нұр-Сұлтанның маңына төгіп кеткен
Үш тоннаға жуық медициналық қалдықтар (қан мен шприцтер салынған құтылар) Нұр-Сұлтан қаласы маңында шашылып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
Министрліктің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті медициналық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша қызмет көрсететін барлық кәсіпорындарға талдау жүргізуді бастады, оның нәтижелері бойынша медициналық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша қызмет көрсетуге экологиялық рұқсаты жоқ кәсіпорындар мен медициналық мекемелердің бар екендігі анықталды.
Тексеру барысында "Казпереработка" ЖШС-нің кінәлі адамы анықталды, оған қатысты ҚР Әкімшілік кодекстің 344, 351-баптары бойынша әкімшілік шаралар қолданылды, деп хабарлады департаменттегілер.
Естеріңізге сала кетейік, медициналық қалдықтар кәріптас деңгейіндегі экологиялық қауіпті қалдықтар болып табылады (жұқпалы немесе ықтимал жұқпалы заттар және басқа биологиялық сұйықтықтары бар заттар (шприцтермен, жүйелермен және т.б.) айналағаны ластап, эпидемиологиялық қауіпті күшейтуі мүмкін.