Жаңалықтар тізбегі
0

"Nur Otan" сайлау аяқталғанға дейін жеке қабылдауды тоқтатты 

Nur Otan, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2020 21:51 Nur Otan
Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыс форматына өзгеріс енгізілді.

"Nur Otan" партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесі Сайлау туралы заңға сәйкес жұмыстың жаңа форматына көшті, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Сонымен, 2021 жылдың 11 қаңтарына дейін қоғамдық қабылдауларда депутаттар мен мемлекеттік орган басшыларының жеке қабылдауларын өткізу тоқтатылды. Адвокаттардың, заңгерлердің, нотариустар мен медиаторлардың консультацияларын өткізу де тоқтатыла тұрады. Партияның жедел желілері сайлау аяқталғанға дейін тек анықтамалық ақпарат береді.

Айта кетейік, жыл басынан бері "Nur Otan" партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 356 мыңнан астам өтініш келіп түскен. 177 мың мәселе оң шешімін тапты. 174 мың адамға түсініктеме беріліп, 5 мыңға жуығы орындалуда. 462 онлайн-қабылдау өткізілді.

Партияның баспасөз қызметі Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша "111 шұғыл қызметінің" үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында осы қызметті басқару "Право" қоғамдық қорына берілгенін хабарлады.

"111 шұғыл қызметі" тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді. Барлық өтініштердің құпиялығы сақталады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: