Енесінен ақша ұрлаған келін сотталайын деп отыр
Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданған. Ол арызында есеп шотындағы ақшасының жоғалып кеткендігін көрсеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz ТО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы іс бойынша полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іздестірудің нәтижесінде күдікті азаматшаны өз үйінен ұстады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеушілердің тиянақты жұмыстарының нәтижесінде күдікті азаматша арызданушының келіні болып шыққаны анықталды.
Келіні енесінің ұялы телефонын жасырын түрде алып, өз есеп шотына ақша аударып алған. Сондай-ақ күдікті азаматша ақшаны құмар ойындарға және киім алуға жаратып жібергендігі белгілі болды. Келтірілген шығын көлемі 126 000 тенгені құрайды. Азаматшаның бұрын алаяқтықпен айналысқандығы анықталып жатыр. Бұрын сотты болмаған. Азаматша кінәсін толықтай мойындады. Бас шарасы қолхатта.
Түркістан облысы полицейлері ешкімге сенбеуді және ұялы телефондарыңызға код қоюларыңызды ескертеді. Есеп шоттарыңызға мұқият қараңыздар!