Жаңалықтар тізбегі
0

Лицензиясынан айырылған ЖОО студенттері енді не істейді - министрлік жауабы

d1acynfdde.xn, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2020 18:34 d1acynfdde.xn
Білім министрлігі нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізді.

Лицензиясынан айырылған жоғары оқу орындарының студенттері семестрдің аяқталуын күтпей-ақ басқа университеттерге ауыса алады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жоғары оқу орындарының жабылуы мен студенттерді басқа оқу орындарына уақытылы ауыстыру қажеттілігіне байланысты министрлік нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізді.
Енді жоо білім беру қызметімен айналысу лицензиясынан немесе лицензияға қосымшадан айырылғанда (қайтарып алынған) немесе жоғары оқу орны жабылған жағдайда аталған оқу орнының студенттері семестрдің аяқталуын күтпей-ақ бірден басқа жоғары оқу орындарына ауыса алады.

Бұл норма оқуларын жалғастыру барысында студенттерге қолдау көрсетуге бағытталған.

Қазір БҒМ білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына лицензиясы тоқтатылған жоо білім алушыларын ауыстыру бөлігінде қосымша өзгерістер енгізу бойынша жоғары оқу орындарынан түсіп жатқан бірқатар ұсыныс қарастырып жатыр.

Алдағы уақытта мұндай жағдайлар орын алса, студенттер лицензияның ықтимал кері қайтарылуын күтпей-ақ басқа жоо-ға ауыса алады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: