Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы мен астанада үй қымбаттап жатыр

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2020 17:37 видеодан кадр
Қазірдің өзінде үйдің құны 9,5 процентке артқан. Яғни, сұранысқа қарай баға артпаса кемімейін деп тұр.

Пандемия жағдайында елімізде жылжымайтын мүлік қымбаттады. Ең қымбат және ең арзан жер, пәтер мен үйлер анықталды. Бағасы жағынан бас жүлдені бермей тұрған сол баяғы Алматы мен астана. Кризис, карантин деп жүргенде үйдің бағасы өзгеріп сала берді, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Гүлжайнар Сұлтанова өз үйіне қол жеткізгенге дейін 15 жыл пәтер жалдап келген. 4 жыл бойы үйдің кезегінде тұрып, ақыры мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтерге қол жеткізген соң көңілі орнына түсіпті. Салынып жатқан үйден пәтер таңдап қойған. Құрылыс аяқталған соң бірден көшіп кірмек.

Гүлжайнар Сұлтанова, қала тұрғыны:

Биыл "Шаңырақ" бағдарламасы басталғаннан кейін онлайн заявка бергеннен кейін менің заявкам қабылданды. Жалға алып отырған пәтеріме 70-75 мың төлеймін. Жалақымның почти жартысы кетеді. Алла жазса өз пәтеріме көшсем 80 мыңдай ипотека төлейтін боламын өз пәтеріме.

Карантин басталғалы үй сату туралы жарнаманың үлес салмағы 31 пайызға азайып кеткен. Бұл туралы сарапшылар жазды. Жылжымайтын мүліктің бағасы да өзгеріп сала беріпті.

Бір бөлмелі пәтерді шамамен 40 шаршы метр деп алып, оның құнын онлайн жарнама сервисі сарапшыларының дерегіне сүйене отырып есептеп көрдік. Сонымен, ең қымбат пәтерлер Алматы қаласында екен. Бір бөлмелі үйді 14 миллион теңгеге аласыз. Елордада осындай баспанаға шамамен 13 миллионға қол жеткізуге болады. Елдегі ең арзан шаңырақты Ақтаудан табасыз. Құны 7 миллион теңгенің айналасында. Зерттеу дерегіне сүйенсек, өткен жылмен салыстырғанда Қарағанды мен Шымкентте үйдің құны 30 процентке қымбаттағаны байқалады.

Карантин кезеңінде өзге салаларға қарағанда құрылыс тоқтаған жоқ. Ірі қалаларда биік-биік тұрғын үйлер көптеп салынып жатыр. Бірақ, бағаның өсуіне не түрткі болғанын мамандар мынадай себептерді алға тарта отырып түсіндірді.

Алинура Берікқызы, пәтер сату орталығының сату маманы:

Қазіргі таңда пәтерлердің бағасы қымбаттап жатыр. Оған ең басты екі себеп бар. Оның біріншісі кризис. Көптеген материалдар шетелден әкелінеді. Қазіргі таңда материалдардың бағасы қымбаттады. Сол себепті пәтердің бағасы да қымбаттады. Екінші ол жұмыс күшінің болмауы, аз болуы. Бүкіл Қазақстан облыстарында коммерциялық үйлер салына бастады. Бұл кезде жұмыс күші азайды.

Нарықтағы осы бір құбылыс салынып жатқан үйлердің де, екінші деңгейлі баспаналардың да бағасына тікелей әсер еткен. Құрылыс саласының өкілі Шынар Шындәулетованы әңгімеге тарттық. Маман еліміздегі салынып жатқан ғимараттарды тұрғызуға жұмсалатын материалдардың 80 пайызы сырттан әкелінетінін растады. Ал бір шаршы метрдің бағасын белгілеу барысына мына факторлар әсер етеді екен.

Шынар Шындәулетова, құрылыс компаниясының өкілі:

Әрбір компанияның шаршы метрінің құны келесі факторларға байланысты. Бірінші салынып жатқан үйдің құны, салынып жатқан үйдің жерінің құны, проектінің құны, барлық жұмыс күшінің құны, салық құны сосын сату мен жарнаманың бағасы. Содан кейін ғана компанияның өзінің пайдасы қосылады. Содан кейін ғана сатылымға шығарылады.

Мамандар коронавирус жылжымайтын мүлік нарығына тікелей әсер еткенін жеткізді. Баспана алуға арналған түрлі бағдарламардың артуы және пандемия азаматтарды өз үйін алуға итермелеген екен. Қазірдің өзінде үйдің құны 9,5 процентке артқан. Яғни, сұранысқа қарай баға артпаса кемімейін деп тұр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: