СҚО-да екі ауданның бас дәрігері қызметінен босатылды
Youtube
Бас дәрігерлер қызметкерлері арасында ауру жұқтыру фактісінің жиілеуіне байланысты қызметтерінен босатылған.
Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған медициналық қызметкерлердің көбеюіне байланысты екі аудандық аурухананың бас дәрігері қызметінен кетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Басқарма мәліметінше, 28 қыркүйек пен 9 қазан аралығында Мамлют аудандық ауруханасы басшысы тарапынан санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың болмауынан 9 қызметкер ауру жұқтырған. Дәл осындай жағдай Ақжар ауданында да тіркеліп отыр. Алайда орындарын босатқан бұрынғы бас дәрігерлер заңға сәйкес кез келген медициналық мекемеге жұмысқа орналаса алады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript