Жайылым жоқ! Жердің бәрін алпауыт агрофирмалар иемденіп жатыр
Жер байлықтың көзі, еңбеккер иесінің өзі деген жақсы бір сөз бар қазақта. Алайда байлықтың көзін бай иеленсе, еңбеккер қалай жер ембек? Солтүстік Қазақстан обылысына қарасты Айыртау ауданы тұрғындарының жанайқайын жеткізбекпіз. Ауылдағы ағайынның егіншілікті былай қойғанда мал бағатын жері жоқ. Жердің бәрін алпауыт агрофирмалар иемденіп, банкке кепілге қойып тастайды екен. Қолдың қысқалығынан қор болған шағын шаруалар шырылдаған даусы жоғарыға жетсе керек, апта басы Ақжолтай жаңалық естідік. Сол жерлердің құқығын сот ауылдықтардың пайдасына шешіп беріпті, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап.
Алайда солтүстіктегі осы тектес түйткілдердің түйіні тарқайтын түрі жоқ. Тайынша ауданының тұрғындары редакцияға хабарласып отыр. Шаруа қожалығын ашып, жер игергіміз келеді дейді. Бірақ 18 мың гектар учаске Агрофирма шеңгелінде қалып отыр дейді. Амалы таусылған ауылдықтар Ауылшаруашылығы министріне үндеу тастап, мәселені шешіп беруді сұраған екен.
Ақатай Шәпейұлы, Тихоокеанское ауылының тұрғыны:
Біздің енді осы жеріміз соңғы жылдары ұстағанның қолында тістегеннің аузында кетіп барады. Біз өзіміз жеке шаруашылығын құрайық деп, жалпы өзімізге тиесілі жерлерді алайық деп едік. Бірақ жоғарғы басшылар бермеді. Себебі бұл жер енді сендерге тимейді дейді. Біздің енді сізден өтінішіміз, осыны қарап көріп, біздің жерімізді қайтарып алып берулеріңізді өтінеміз.
Айыртау ауданының Карасёвка ауылының тұрғындары да 11 жыл бойы өздеріне тиесілі жерлерін қайтара алмай отыр. 22 жыл бұрын 192 адам, өздеріне тиесілі пайлық үлестерімен серіктестікке біріккен. Алайда кейін анықталғандай оның иесі 5 жарым мың гектар алқапты кепілге қойып, 200 млн теңгедей несие алған. Мемлекеттік кредиттік корпорация мыңдаған гектарға иелік ету құқығын басқаға сатып, қарызды да өндіріп алған. Бұған дейін пайлық үлестен азын аулақ пайда көріп келген ауылдықтарға енді ол да жоқ, жер де жоқ.
Ақмола облысының Целиноград ауданында да пайшылар, яғни жер үлескерлері әкімдікпен соттасып жатыр. Оразақ ауылының қырықтан аса тұрғыны жерімізді бізге ескертпестен ірі агрофирмаға беріп жіберді деп шағынған. Астанадан 50 шақырымда жатқан шағын ауыл Оразақтың тұрғындары үлкен проблемамыз бар дейді.
90-шы жылдары совхоздар тараған тұста ауылшаруашылығы серіктестіктері құрылғанын білесіздер. Шартты жер үлесі, яғни паймен жұрт серіктестікке қосылды. Жиыны 300 дей отбасы. Мына шу 2017 жылы басталды.
Абылайхан Бижанов, Оразақ ауылының тұрғыны:
17-жылы жерімізді аулымыздың келісім-шартын бұзған сол уақыттағы әкім. Сол кісі келісім-шартты заңсыз бұзып, халықты хабарландырмай, халықты ауызша да, жазбаша хабар бермей келісім-шартты бұзып мемлеккеттің қорына өткізіп жіберді, арнайы қорға. Сіздердің жерлеріңізді біз қолданайық деген нәрсе, рұқсатыңызды бересіз бе, деген нәрсе келген жоқ бізге.
Қысқаша қайырсақ әңгіме былай болған екен.
Міне мынау серіктестік. 2017 жылы аудан әкімдігі игермей жатырсыңдар деп олармен арадағы жерді ұзақ мерзімге пайдалану келісім-шартын бұзып, оны мемлекеттік қорға қайтып алады. Сосын ол аукционға шығарылып, 17 мың гектар егістік алқап басқа субъектіге өтеді. Бірақ Оразақ серіктестігінің пайлық үлесіндегі 300 дей отбасы қайтеді. Олардың 250 ге жуығы жаңа шаруашылыққа кіруге келісім берген. Агрофирма оларға түскен табыстан ақша беріп отыруға міндетенеді. Жұрт оны дивиденд деп айдараған. Алайда агрофирмаға кіруге келісім бермегендер осы уатықа дейін жаңағы дивидентті алмағандарын айтады. Жер де жоқ. Келісім бермегендер әуелде 27, бүгінде 43 отбасы. Жерді қайтарсын деп отырғандар осылар.
Абылайхан Бижанов, Оразақ ауылының тұрғыны:
Аудан акиматы берсейші жерімді. Не керек енді сендерге. Я жерді бермейді, жерді қолданып атсыңдар десек дивидендті бермейді.
Целиноград ауданының әкімдігінен сұрадық. Жер агрофирмаға заңсыз өтті ме? Әкімдік өкілі жер пайдаланылмаса оны мемлекеттік жер қорына алуға құқылымыз дейді.
Жәнібек Тұрмұхамбетов, Целиноград ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы:
Қадағалау жасадық. Жаңағы пайдаланбағаннан кейін ол жерді біз ол жерді біз келісім бойынша, екіжақты келісім бойынша өзімізге қайтып алып, қайтадан қорға қойып, оны қайтадан конкурсқа шығардық. Ол кісілер ойлайды, біз кезінде жерді алдық деп. Мысалы 22 гектардан. Ол жер емес, ол шартты жер үлесі берілді. Біріншіден меншігі емес, екіншіден жалға да берілген жоқ. Мемлекеттік жер қорына жер қайтарылғаннан кейін, бұл жерге жаңағы Оразақ тұрғындарының құқығы жойылды.
Айтпақшы бұндай тетіктің бар екенін жер ресурстар комитеті қуаттады.
Марат Ергешбаев, АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті, жер қатынастарын дамыту және орналастыру басқармасының бас сарапшысы:
2005 жылы Жер кодексінің 170-бабына өзгеріс енгізілді. Шартты жер үлесінің иесі шаруа қожалығын құру керек немесе серіктестіктің жарғылық капиталына жарна ретінде беру керек. Ал егерде осы екі шартты жасамаған жағдайда, жер үлестегілердің жері аудандардың арнайы жер қорына енгізіліп, акиматтың балансына алынды.
Оразақ үлескерлерінің мүддесін қорғаушы жер пайдалану құқығы серіктестіктен алынып, алпауыт агрофирмаға өтуін заңсыз деп санайды. Айтуынша бұндай процедура үшін әкімдік пен серіктестік арасындағы екіжақты келісім жеткіліксіз.
Тұрсын Төлегенова, адвокат:
Жер кодексінде көрсетілген. 5 жылдың ішінде екі жыл қатарынан себілмесе бірнеше рет ескерту жасалынады. Айыппұл салынады, соның барлығы ешқандай нәтиже бермесе сотқа беріп, жаңағы құжаттарының бәрін жинап, соттың алдында дәлелдеп, мінекей осындай серіктестік немесе осындай жер үлескері, осындай жер пайдаланушы мемлекеттің жерін құртып жатыр деп соттың шешімімен ғана жер пайдалану құқығы ана адамнан алынады.
Агрофирмаға кірмеген 43 үлескер сотқа шағымданды. Бірінші сатыда олардың талап арызы қанағаттандырылмайды. Дегенмен 2018 жылы облыстық сотқа түскен аппеляциялық шағым пайшылардың пайдасына шешілген. Сот әкімдік пен Оразақ серіктестігі арасындағы жерді пайдалану шарты заңсыз жасалған деп қаулы етеді. Алайда соттасу әлі тоқтаған емес.
Тұрсын Төлегенова, адвокат:
Бүкіл ауданның басшысы болғаннан кейін, жаңағыдай қылығының заңсыз екенін сотпен ашып бергеннен кейін енді жерімізді қайтарады ғой деп біз солай ойладық. Бірақ қайтармағандықтан, және қайтармаймын деп айтты да. Маған ешкім айтқан жоқ қайтар деп. Жай ісімді заңсыз деді, болды дегесін біз әрине сотқа бердік.
Адвокаттың айтуынша ауданның экс әкімінің үстінен сотқа ғана емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне де арыз түсірілген. Себебі жерді ол ірі агрофирмаға сыйлыққа беріпті мыс, деген ел аузында қауесет те бар екен. Финпол оның рас өтірігін анықтауы тиіс. Сондай-ақ Оразақ үлескерлері 3 жыл бойы көрмеген жерлерін оны игеріп жатқан агрофирмадан әлгі өздері айтқан дивидентті де сот арқылы талап етпек.
Шыңғыс Сейфолла, заңгер, адвокат:
Агрофирма мен пайщиктердің арасындағы келісімнің басты мақсаты ол пайщиктердің әл ауқатын арттыру болып табылады. Егер агрофирма өз құқығын асыра пайдаланса онда пайщиктер бұзылған құқықтарын қорғау үшін сот органдарына жүгінуі керек.
Ол процесс ертең басталады. Ал әзірге пайынан айырылған ағайынның айтатыны мынау.
Сайлаугүл Айтбаевна, Оразақ ауылының тұрғыны:
Жаз бойы бізде жайылым жер жоқ мал бағатын. Жаз бойы көлде мал. Жылқы малы тоже.
Нұрбай Рақымжанов, Оразақ ауылының тұрғыны:
Жағдайы жеткендердің барлығы пайдаланып жатыр біздің жерді. Бірақ өзімізге нақ ол жер жоқ. Егіннің ортасына мал шаруашылығын құрып атқан, биыл баз салып болып мал кіргізді. Сол жерде маңайдың бәрін жыртып тастады. Өткізбейді. Менің жерім деп айтады дейді. Өй ол шымкенттен жер алып келген жоқ шығар.